ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар гуманитарлық пәндер бойынша білімдерін тексерді
15-09-2021 10:31
Павлодарлық оқушылар гуманитарлық пәндер бойынша  білімдерін тексерді

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы 2021 жылғы 13 қыркүйекте II облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың оқу мәдениетін, Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінен 8 - 11 сыныптардың 89 оқушысы қатысты.

Олимпиада екі турдан өтті және нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білу, күрделі проблемалық тапсырмаларды шешуде өз білімін тексеруге арналған жарыс болып табылады. I турда қатысушылар 30 минут ішінде Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті бойынша 25 тест тапсырмаларына жауап берді, II турда 60 минут ішінде ұсынылған тақырыптардың біріне М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік проблемалар туралы автордың ой-пікірін талдаңыз, М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абайдың азаматтық қасиеттерін талдаңыз және сипаттаңыз, «Абай жолы» романында көрсетілген әдет-ғұрыптар қазіргі қазақ дәстүрлерімен және тұрмысымен қалай байланысты тақырыбында пікірлеріне дәлел келтіре отырып, эссе жазды.

Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 33 оқушы болды, оның ішінде бірінші орынды - 9, екінші орынды - 8, үшінші орынды -16 оқушы алды.

I орын иегерлері № 2, 17, 23, 25, 27, 37, 39, № 9 гимназия-мектебінің, Кенжекөл мектебінің оқушылары болды. II орынды № 1, 2, 17, 21, 23, 25, 28, № 16 лицей-мектебінің, III орын № 5, 6, 7, 14, 17, 19, 24, 25, 34, 35, 38, 41, № 20 лицей-мектебінің, М. Әлімбаев, М. Әуезов, Жетекші мектебінің оқушылары иеленді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының сертификатына ие болды. Олимпиада жеңімпаздары қыркүйек айында облыстық кезеңге қатысады.