ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық мұғалімдердің бейне сабақтар трансляциясына қатысуы
16-09-2021 09:25
Павлодарлық мұғалімдердің бейне сабақтар трансляциясына қатысуы

Қашықтықтан оқыту кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республика бойынша телесабақтарды түсіруге жаңашыл педагогтардың, шебер педагогтердің, зерттеуші педагогтердің қатарынан 200 мұғалімді, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерін тартты. Бейнесабақтар «Ел Арна», «Балапан» телеарналарында, youtube арналарында көрсетілді.

Орыс тілі пәні бойынша 8 қазақ сыныптарында - Аринова Динара Холдаровна, 9 қазақ сыныптарында - Жұмабеков Марат Иманкелдіұлы (Кенжекөл ЖОМ), 10 орыс сыныптарында - Католик Александра Анатольевна (№ 17 ЖОМ), орыс тілі мен әдебиеті бойынша 11 орыс сыныптарында - Макишева Вера Александровна (№ 26 ЖОМ). Қазақ тілінен - Қайырбекова Ақмарал Аблайханқызы (№ 14 ЖОМ), 7 сыныптарда - Смаилова Бәтима Сайфуллақызы (№ 25 ЖОМ).

Ағылшын тілі бойынша - Буцыгина Наталья Вячеславовна, Бакирова Әлия Шаймұратқызы, Құсанова Тәттігүл Жақсылыққызы (№ 43 ЖОМ).

Математика пәні бойынша - Сатвалдина Ризагүл Сембайқызы (№ 34 ЖОМ).

Информатикадан - 7 орыс сыныптарында Скляренко Анна Викторовна (№ 29 ЖОМ), 9, 10 орыс сыныптарында - Поляков Илья Олегович (№ 34 ЖОМ), қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 орыс сыныптарында - Садықов Рустам Талғатбекұлы (№ 11 ЖОМ), 10 қазақ сыныптарында - Сыздықова Айнұр Алтынсаринқызы (№ 7 ЖОМ).

Қазақстан тарихы бойынша 10 орыс сыныптарында - Сапонова Ольга Александровна (№ 28 ЖОМ), Адилов Анвар Вадимович (№ 14 ЖОМ), Оспанова Әсия Баяхметқызы (№ 21 ЖОМ), Қабыкенов Азамат Хсенұлы (№ 43 ЖОМ), 7-сыныптарда - Увалиев Ақылбек Алтынбекұлы (№ 39 ЖОМ).

«Телесабақтар» республикалық жобасы аясында шығармашылық көзқарасы және білім беруге қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен Б.Момышұлы атындағы ЖОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Касимова Қарлығаш Файзоллақызы, Макишева Вера Александровна (№ 26 ЖОМ), Католина Александра Анатольевна (№ 17 ЖОМ), Жумабеков Марат Имангелдіұлы (Кенжекөл ЖОМ) марапатталды.

Шығармашылық көзқарасы және білім беруге қосқан жеке үлесі үшін Алғыс хатпен Рауш Ольга Ивановна, № 21 мектептің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Иванов Анатолий Владимирович, № 40 мектептің физика мұғалімі, Сыздықова Айнур Алтынсаринқызы (№ 7 ЖОМ), Смаилова Батима Сайфоллақызы (№ 25 ЖОМ) марапатталды.

№ 19 мектеп мұғалімдері Мейірханова Айслу Өмірзаққызы, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын әзірлеуге қатысқаны үшін, Назымбекова Райхан Аманжолқызы, Шарипова Қымбат Жеңісқызы, Молдабаева Гүлмира Тәңірбергенқызы, № 40 ЖОМ - Жұмабекова Әсия Иманкелдіқызы, № 39 ЖОМ - Мұкышова Бақтылы Қиманқызы, № 25 ЖОМ - Жаркенова Зауреш Бөкенбайқызы - телесабақтарды сараптауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 60-қа жуық мұғалімдері облыстық Bilim Life білім беру арнасында жаратылыстану, география, физика, химия, биология, математика, шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы бойынша ZOOM платформасында, республикалық «Өрлеу» білім беру арнасында, youtube арналарында бейнесабақтар жүргізді.