ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қалалық семинары
17-09-2021 09:09
Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының  қалалық семинары

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 15 қыркүйекте қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен семинар өткізді. Мақсаты - тәрбие жұмысын жоспарлауға, кәсіби шеберлікті арттыру бойынша жеке жұмыс жоспарын құруға практикалық көмек көрсету, нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу.

Семинарда № 16 лицей-мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрекенова Зейнегүл Каламтайқызы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жұмыс жүйесі» баяндамасымен сөз сөйледі, мектепішілік бақылау, ата-аналармен, педагогтармен және оқушылармен бірлескен жұмыс мәселелері бойынша өз жұмысының тәжірибесінен мысалдар келтірді. Лицей-мектептің психологы Қошқарбаева Светлана Төлегенқызы «Психологтың мақсаты» атты баяндама жасады.

«Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының портфелі» тақырыбында практикалық көмек көрсетілді. Қатысушыларға Отбасы күнін, Тілдер күнін, Мұғалімдер күнін өткізу туралы ұсыныстар берілді.