Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 2 сынып оқушысы Олжабай Аружан грэпплинг-ги бойынша қалалық турнирге қатысып, III орын алды. Ол 5 - 7 жасаралығында 23 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Грепплинг–ги-барлықкүрессалаларыныңтехникасынбіріктіріп, минималды шектеулермен ауырсыну және тұншығу әдістерін қолданатын, спорттық жекпе-жектің бір түрі. Грепплингтің ерекшелігі - бұл форма болып табылады. Спортшының киімі шорты мен рашгардтан тұрады, ол қысқа немесе ұзын жеңдері бар тығыз футболка. Киім толығымен денеге жабысып тұру керек, қарсыласын ұстаған кезде, ешқандай кедергі тудырмауы керек.
Аружан бұл спорт түрімен 6 жасынан бастап бразилиялық джиу-джитсу және «BEK TEAM» грэпплинг академиясында айналысады. Оның жаттықтырушысы джиу-джитсудан Қазақстанның спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан күлгін белбеу иегері Байсаринов Азат Қайырболатұлы.
Аружан 7 жасында сұр-қара белбеу, қалалық және облыстық деңгейдегі 10 медаль иегері. Ол алғашқы екі алтын медальді 2020 жылы қалалық турнирде жеңіп алды. Аружан математиканы жақсы көреді, табиғатты ұнатады және оның сұлулығын суреттерінде жеткізеді.