ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық 4 оқушы зияткерлік олимпиада да жүлделі орындарға ие болд
20-09-2021 16:39
Павлодарлық 4 оқушы зияткерлік олимпиада да жүлделі орындарға ие болд

  II облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындылары шығарылды. Олимпиадаға қалалық, аудандық турлардың жеңімпаздары, мамандандырылған және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8 - 11 сыныптарының 149 оқушысы, сонымен қатар Павлодар қаласының  № 2, 9, 17, 23, 25, 27, 37, 39, Кенжекөл жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы қатысты. Олимпиада онлайн режимінде Gogle-disk платформасында өтті. Мақсаты - ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқырман мәдениетін дамытуда, ел тарихына деген танымдық қызығушылықты арттыруда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау.

   Зияткерлік пәнаралық олимпиада Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті бойынша білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген көркем шығармалармен танысуға бағытталған. Олимпиада оқушыларға күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілетін тексеруге, нақты материалдарға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Олимпиада шарты бойынша қатысушылар тестің 25 сұрағына жауап беріп, ұсынылған тақырыптардың бірі М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша эссе жазды.

   Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бір - бірінші, бір - екінші және екі - үшінші орын.

   І орынды № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Зейнілгүл Нұрпейісова иеленді. Ол биылғы Исатай Таймановтың 230-жылдығына арналған «Ереуілі атқа ер салмай» атты қалалық сайыстың жүлдегері (ІІІ орын), Qazaqstan education science projec - 2020» ағылшын тілінен республикалық онлайн байқауының (ІІ орын) жүлдегері.

    ІІ орынды №17 ЖОМ 11 сынып оқушысы Плахотнюк Алиса иеленді. Ол орыс тілінен республикалық олимпиаданың (2019 жыл), информатика пәнінен «Bebras - 2020» байқауының жеңімпазы.

    ІІІ орынды № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Қали Гүлназ, № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сейтхазин Алмаз иеленді. Гүлназ өзін-өзі тану бойынша қалалық сайыстың жеңімпазы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтың қалалық мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері (ІІІ орын), Алмаз пәндік олимпиада  да Қазақстан тарихы бойынша ІІІ орынға ие болды (2020 жыл). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталады.