Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2021 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 1 - 11 сыныптарында «Тәуелсіздіктің жетістіктері» атты бірыңғай республикалық сынып сағаттары, ашық сабақтар өтті.
Аталған іс-шараға Павлодар қаласы әкімінің орынбасарлары С.А. Гладышева, К. К. Беготаева, Павлодар педагогикалық университетінің ректоры, Ж. О. Жылбаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының басшысы, Р. Д. Әшімбетова, профессорлар Е. К. Жұматаева, А. В. Богомолов, Қ. С. Ерғалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Б. Ш. Максилова, спорт және туризм басқармасының басшысы Д. Қ. Ерғабулов, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы С. Б. Бегалинова, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ауған ардагерлері, ақындар, актерлер, спорстмендер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.
Қонақтар оқушыларға тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері, әрбір азаматтың ел дамуына қосқан үлесінің маңыздылығы туралы айтып, балалармен бірге елдің болашағын талқылады. Өйткені, ағымдағы жыл Қазақстан үшін ерекше мәнге ие - еліміз өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. 3 онжылдықта Қазақстан әсерлі табыстарға қол жеткізді. Жастар жетістіктер туралы білуі керек, қазақстандықтардың өз еңбектері мен ұйымшылдықтарының арқасында бейбітшілік пен келісімге қол жеткізілгенін әрдайым есте ұстауға тиіс.
Осындай кездесулерде оқушылар тәжірибелі білікті мамандардан практикалық кеңес алуға, мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға, сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алады.