Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында қыркүйек айында Тілдер күніне арналған іс-шаралар өткізілуде. 6 қыркүйекте «Туған тіл - адамның байлығы» мәнерлеп оқу байқауына жалпы білім беретін мектептердің, қаланың «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының 2000-нан астам тәрбиеленушілері мен оқушылары қатысты.
1 - 4 сынып оқушыларымен тіл туралы мақал-мәтелдерді білуге арналған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» байқауы, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 9 сынып оқушыларымен, 7 - 9 қыркүйек күндері «Тіл - ел байлығы» эссе байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 3000-нан астам оқушы жүлделі орындарға ие болды. Өз еңбектерінде қатысушылар тілдің ұлтаралық келісім ретіндегі рөлі, адамдарға басқа халықтың мәдениетіне ену және оның қалай өмір сүретінін және қалай ойлайтынын, сөйлеуін дамыту, қарым-қатынас және өз ойларын жеткізу мүмкіндігі туралы өз көзқарастарын жеткізе алды.
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің «Бельканто» вокалдық-хор студиясында санитарлық нормаларды сақтай отырып, «Әр түрлі тілде ән айтайық!» мерекесі өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды, әнұранның құрылу тарихы туралы айтылды. 35-тен астам қатысушы орыс, неміс, татар, украин тілдерінде ән шырқады. Отан, достық, бақытты балалық шақ туралы сүйікті әндерден түрлі тілдердегі попурри орындалды, патриоттық әндер шырқалды.
Қазақстан халқының отбасында біздің республикамызда тұратын және олардың бірлігін көрсететін әртүрлі ұлттар тілдерінің әралуандығы мен сұлулығын ашу мақсатында 17 қыркүйек күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Біз әр тілде сөйлейміз» атты челлендж өткізілді. Іс-шараға орталықтың 100-ден астам тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылардың орындауында Абайдың «Күз», М. Мақатаевтың «Үш бақытым», Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық», М. Шахановтың «Төрт ана», Maria Sudibyo «Foreign Language» атты тіл, достық туралы өлеңдері оқылды.