ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі әдіснамалық негіздер
28-09-2021 09:13
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі әдіснамалық негіздер

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 6 мектептің инклюзияны қолдау кабинетімен бірлесіп, 22 қыркүйекте онлайн режимде «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық қолдаудың әдіснамалық негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагогтердің өзара іс-қимылы. Жалпы білім беретін мектепте аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларды инклюзиялау» атты қалалық семинар өтті. Семинарға 90-нан астам жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары, педагог-психологтар, пән мұғалімдері, логопед-мұғалімдер, әдіскерлер, дефектологтар, № 6 ЖОМ түзету қолдау кабинетінің педагог-ассистенттері қатысты. Инклюзивті білім беру жүйесінде жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарға және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның әдістемелік ұсынымдарына енгізілген өзгерістермен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қызметкерлері - әдіскер Нұрахметова Шолпан Сәменқызы, бас маманы Деревнина Алла Федоровна таныстырды және түсініктеме берді.  Инклюзивті білім беру бойынша курстық дайындықтың талдауы ұсынылды - 1479 педагог онлайн режимде курстық даярлықтан өтті, оның ішінде 39 мектептің 1103 педагог - Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының, 152 педагог - Инновациялық Еуразия университетінде, 19 педагог - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде, 200 педагог - Назарбаев Университетінде даярлаудан өтті.

Семинар қатысушыларына инклюзияны қолдау кабинетінің, психологиялық-педагогикалық қызметтің, ерекше білім беруді қажет ететін балалары бар № 6 мектептің педагог-ассистенттерінің практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Мектептің инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскері Жұмадиева Айгүл Жылқыбайқызы «Әр бала мектепке лайықты» жобасы туралы айтып берді. Машрикова Гүлшат Құдайбергенқызы «Педагог ассистенттің әдістемелік қолдауы», Бейсембекова Мадина Ерсінқызы «Инклюзивті тәжірибе жағдайында тьюторлық сүйемелдеу», Шакирова Динара Маратқызы «Инклюзивті білім беру толерантты орта құру ресурсы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі, PECS карточкалары (суреттермен алмасудың коммуникациялық жүйесі) көмегімен коммуникацияның баламасы бойынша жұмыс тәжірибесімен Асанова Феруза Спандиярқызы бөлісті. Аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушыларда жұмысты ұйымдастыру және жағымсыз мінез - құлық нысандарын түзету бойынша ақпаратпен және материалдармен Кентай Анар Оразалықызы, жұмыста «ABA терапияны» қалай қолдану керектігі туралы - Тюлюбай Эльмира Олеговна бөлісті. «Ойын қызметі арқылы кіші мектеп жасындағы аутистік спектрі бұзылған балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында Медева Мадина Рамазанқызы, жалпы білім беретін мектеп жағдайында балаларды бейімдеу мәселелері бойынша психолог Жанасова Сауле Кундакпайқызы сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы бойынша қала мектептерінің педагог-ассистенттерінің, әдістемелік қызметтерінің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Семинар материалдары практикада қолдану үшін қала мектептеріне жолданды.