ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның Тәуелсіз күніне павлодарлық оқушылардың эссесі
28-09-2021 16:45
Қазақстанның Тәуелсіз күніне  павлодарлық  оқушылардың эссесі

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіз елім - артамы атамекенім» эссе байқауы  өткізілді. Мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау, көптілді мәдениетті қалыптастыру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығармашылық жазбаша жұмыс түрінде туған өлкеге өз көзқарасын білдіру. Қаланың 25 жалпы білім беретін мектебінің 9 - 11 сыныптың 83 оқушы қатысты. Байқау Gogle-disk платформасында онлайн-режимде өтті.

Оқушылар тілдерді білетінін  көрсетті - 21 оқушы ағылшын тілінде, қазақ тілінде - 37, орыс тілінде - 25 эссе жазды. Қатысушылар өз жұмыстарында Қазақстан халқының бірлігі, туған өлкенің байлығы туралы жазды, өз еліне, тіліне, мәдениетіне деген сүйіспеншілігі  мен мақтаныштарын білдірді. Елдің қалыптасу тарихы, экономиканың, мәдениеттің дамуы, әртүрлі салалар туралы білімдерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 1, ІІ орын - 9, ІІІ орын - 16.

«Тәуелсіз елім - ардақты атамекенім» атты эссе үшін  І орынды Жетекші ЖОМ 10 сынып оқушысы Жақыпбекқызы Зере иеленді. Зере өз эссесін қазақ тілінде жазып, орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық сауаттылықты, мерекенің Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі ретіндегі рөлі туралы көрсете білді, болашақта жақсы білім елдің дамуына, Қазақстанның лайықты азаматы болуға болатынын атап өтті.

ІІ орынды № 7, 14, 16, 17, 18, 28, 35, 39, 43, ІІІ орын - № 9, 11, 17 (2), 23, 35, 37, № 20 (3) лицей-мектебі, К. Мақпалеев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Кенжекөл ЖОМ (3), Жетекші мектеп оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификатына ие болады.