ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының қалалық кеңесі
29-09-2021 09:05
Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының қалалық кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 27 қыркүйекте қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Кеңесте «Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа оқу жылына дайындық мониторингінің қорытындылары туралы» мәселе қаралды, «Жазғы жиынтықтаудың қорытындылары туралы» мониторингтің қорытындылары талқыланды, «Білім беру ұйымдарында іс жүргізу туралы» ұсынымдар берілді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина мектепке дейінгі ұйымдарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысқа, өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша нормативтік талаптарды сақтау және орындау мәселелерін тұрақты бақылауға алу туралы ерекше назар аударды.

Шектеу шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Басшыларға тамақ өнімдерінің сапасын бақылауға алу және нысандардағы тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, ас блоктарының жай-күйі туралы тапсырмалар берілді.