ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Панкратион бойынша Қазақстан кубогі чемпионатының күміс жүлдегері
01-10-2021 09:38
Панкратион бойынша Қазақстан кубогі чемпионатының  күміс жүлдегері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының бөлімшесі «Өркен» клубының тәрбиеленушісі Набиолла Алдияр 2021 жылғы қыркүйекте панкратион бойынша Қазақстан Кубогі Чемпионатында II орынды иеленді. Панкратион - жаңарған көне олимпиадалық спорт түрі. Чемпионат 100-ден астам балалар, кадеттер, юниорлар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер қатысуымен Орал қаласында өтті.

Алдияр Павлодар қаласындағы № 37 ЖОМ 10 сыныбында оқиды, «Өркен» клубында 2016 жылдан бастап жаттығады, жаттықтырушысы жоғары санатты біліктілігі бар, Қазақстанның жекпе-жек бойынша чемпионы, ұлттық санаттағы бас төреші, Павлодар облысы бойынша жекпе-жектен бас жаттықтырушы - Рщанова Алтынбек Серғалиұлы.  Алдияр, бір жылда әр түрлі жекпе-жек бойынша турнирлерге қатыса бастады,  барлық облыстық және аралас жекпе-жектен республикалық турнирлерге (панкратион, грэпплинг, жекпе-жек, муай-тай) қатысып жақсы нәтижелер көрсете бастады, бірінші орынды иеленіп,  чемпион атанатын. 2018 жылы жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Талдықорған қаласында, 2019 жылы  Нұр-Сұлтан қаласында жекпе-жек бойынша республикалық турнирдің чемпионы, панкратионнан республикалық турнирдің чемпионы Қарағанды қаласында, 2020 жылы «Дала көкжалдары» атты жекпе-жектен беделді республикалық турнирдің чемпионы Павлодар қаласында, 2021 жылы республикалық аралас жекпе-жектен (ММА) чемпион Нұр-Сұлтан қаласында, Орал қаласында панкратион бойынша Қазақстан кубогының жүлдегері атанды. Қазіргі уақытта Павлодарда өтетін «Дала көкжалдары - 2» жартылай кәсіби жекпе-жектен  турнирге дайындалуда. Алдияр Павлодар облысының атынан қатысады және чемпиондық белбеу үшін күреседі.

Ол өзі өте сабырлы және өзіне сенімді жігіт, бұл чемпиондарға тән қасиет. Ол ұстамды, мейірімді, ашық және бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп үйренген. Оның ерекшілігі еңбекқорлығы, тәртібі және ол болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы.