ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебінің жас педагогтарының мерекелік концерті
01-10-2021 11:22
Музыка мектебінің жас педагогтарының мерекелік концерті

Қосымша білім беру мұғалімі мамандығы әрқашан маңызды және құрметті болып саналды. Оның өкілдері балаларға қажетті білім беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақ тұлғаның қалыптасуына әсер ететін маңызды тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде педагогтар мен оқушылардың алғашқы ұрпақтарымен салынған дәстүрлер жұмыс істейді және жалғасуда. Біздің мектептің педагогтары - бұл дарынды тұлғалардың, өз ісінің кәсіпқойларының бірегей ұжымы.

Музыка мектебінде 20 мамандық бойынша 1000 оқушы оқиды. Педагогтардың қажырлы еңбегінің арқасында балалар музыкалық аспаптарда ойнауды меңгереді, өз дауысын кәсіби меңгеруді үйренеді. Біздің оқушыларымыз халықаралық фестивальдердің, түрлі деңгейдегі конкурстардың бірнеше мәрте лауреаттары болып табылады, алыс және жақын шетелдерде мектептің, қаланың және республиканың абыройын асқақтатады.

2021 - 2022 оқу жылында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебі өз қатарын 11 жас мамандармен толықтырды. Музыкалық колледжді, Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіргеннен кейін мектепке теориялық пәндерден 4 педагог, фортепиано сыныбы бойынша 2 педагог, флейта, жеке ән айту сыныбы бойынша педагог, Қазақ халық аспаптары сыныбы бойынша 3 педагог келді.

Өзінің алғашқы кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күнінде жас педагогтар концерт дайындап, музыкалық аспаптарды меңгеру шеберлігін көрсетті. Құрманғали Әнуар Түлкібайұлы (домбыра) және Құлжанова Гүлжанат Сапарғалиқызы (жетіген) Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындады. Москвина Елена Ивановна мен Сибагатуллина Сапия Рафилевнаның фортепианолық дуэтінің орындауында «Кезектен тыс кездесулер» кинофильмінен Мераб Парцхаладзенің «Концерттік вальсі» өте әсерлі орындалды. Елена Ивановна Москвинаның музыкалық сүйемелдеуімен Якушев Николай Николаевичтің орындауындағы «Жүрекпен тыңдаңыз» өлеңдерін мәнерлі оқуы қатысушыларға әсер еткені сөзсіз. Иванова Регина Владиславовна мен Макаров Константин Сергеевичтің орындауында «Мұғалімдерге әнұран» шырқалды.

Мерекелік іс-шарада мектеп басшысының м. а. Ольга Леонидовна Бобровская жас педагогтарға алғысын білдіріп, әріптестерін құттықтауда, мамандық өзін-өзі жүзеге асыру қуанышын әкелетінін және жас таланттарды ашуға ықпал ететінін атап өтті. - Тек дарынды мұғалімдер ғана дарынды оқушыларды өсіре алады, - деп түйіндеді ол.