ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың педагогикалық еңбек ардагерлері мен педагогтарына құрмет көрсету
02-10-2021 13:54
Қаланың педагогикалық еңбек ардагерлері мен педагогтарына құрмет көрсету

   2021 жылғы 2 қазанда Павлодар қаласының әкімі Асаин Байхановтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған Павлодар қаласының педагогикалық еңбек ардагерлері мен педагогтарын салтанатты құттықтауы өтті. Салтанатты мерекеге «Жыл мұғалімі - 2021», «Жыл тәрбиешісі - 2021» облыстық байқауларының жеңімпаздары, жаңашыл педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.

   Білім беру жүйесіндегі көпжылдық және жемісті еңбегі үшін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Барлық ардагерлерге гүл мен сыйлықтар табыс етілді.

   Павлодар қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің жоғары шеберлігі үшін үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті.

    Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен:

   Буланова Татьяна Николаевна, №11 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Мейрханова Айслу Өмірзакқызы, № 19 мектептің орыс тілі мұғалімі, Новоселова Светлана Леонидовна, оқу-өндірістік комбинаттың педагог-психологы, Ажболатова Назгүл Қайкенқызы, № 44 балабақшаның музыка жетекшісі, Кулик Галина Николаевна, М. Алимбаев атындағы мектептің орыс тілі мұғалімі, Бережная Анастасия Алеексеевна, № 32 мектептің педагог-психологы, Адуова Алмагүл Төлешқызы, №12 балабақшаның тәрбиешісі, Сағитова Жұпар Серікбайқызы, № 21 мектептің орыс тілі мұғалімі марапатталды.

   Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен:

   Сейсембаева Бұлдана Жұмагелдіқызы, №6 мектептің информатика пәні мұғалімі, Ахметова Райхан Нұрсабитқызы, Қ. Бекхожин атындағы мектептің биология мұғалімі, Нұржанова Бағлан Назымқызы, №17 мектептің тарих және география мұғалімі, Сапонова Ольга Александровна, №28 мектептің тарих мұғалімі, Құсайынова Қаршыға Алейханқызы, № 33 мектептің биология мұғалімі, Джамбусинов Аманжол Қабдрахманұлы, №35 мектептің бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-педагогі, Дорошенко Неля Викторовна, № 36 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Ахметова Гүлнара Сүлейменқызы, № 5 балабақша тәрбиешісі, Жұмашева Камшат Бәкіқызы, №33 балабақша тәрбиешісі, Мұсабаева Роза Өмірбекқызы, № 9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Дүйсекеева Ләззат Бегалықызы, М. Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Смаилова Майгүл Қабыкенқызы, № 25 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Сыздықова Ақмарал Жасқайратқызы, № 37 мектептің бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.

   «Жыл мұғалімі - 2021» облыстық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

   Атаулы мүсіндермен марапатталды:

   Бас жүлдені №34 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Матюшева Анна Александровна алды.

   ІІ орынды Кенжекөл ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Әлібек Жұмажанұлы Қалиасқаров иеленді.

   «Жыл тәрбиешісі - 2021» облыстық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

   Атаулы мүсіндермен марапатталды:

   Бас жүлдені №6 мектепке дейінгі гимназияның тәрбиешісі Нұрахметова Альмира Сапарбайқызы алды.

   ІІ орынды № 126 балабақшаның эстетика мұғалімі Ирина Васильевна Пятых иеленді.

   ІІІ орынды № 42 мектепке дейінгі гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мақұлбекова Гүлжайнат Аманжолқызы иеленді.

   Мерекелік іс-шара қатысушыларына қала тұрғындарының Мұғалімдер күнімен құттықтаған бейнеқұттықтаулары, балалар көркемөнер ұжымдары мен білім беру ұйымдары педагогтарының концерттік бағдарламалары ұсынылды.