Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен Павлодар балалар футболының ардагері Александр Александрович Клопковты еске алуға арналған шағын футболдан қалалық турнир өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 2009 - 2010 жылдары туылған 290 оқушысынан тұратын 29 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша I орынды №34 ЖОМ командасы, II орынды №16 лицей-мектебінің командасы, III орынды №24 ЖОМ командасы иеленді.
Турнир тартысты өтті, командалар қызықты ойын көрсетті. № 34 мектеп командасы қарсыластарымен ойында 54 гол соғып, бар болғаны 2 гол жіберіп алды. 5-сынып оқушысы Заречный Давид «Үздік ойыншы» атанды, 4-сынып оқушысы Кравцов Евгений «Үздік қақпашы» номинациясымен марапатталды.
№16 лицей-мектебі командасының екі ойыншысы «Үздік ойыншы» номинациясында 6-сынып оқушысы Бегжанов Шыңғыс, «Үздік қорғаушы» номинациясында 6-сынып оқушысы Герасименко Максим марапатталды.
№24 мектеп командасының ойыншысы, 6 сынып оқушысы Ағыбаев Алихан «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасымен марапатталды.