ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорлары орынбасарларының басқарушылық шеберлігін жетілдіру
22-10-2021 09:34
Мектеп директорлары орынбасарларының басқарушылық шеберлігін жетілдіру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 21 қазанында «Әдістемелік жұмысты басқару. Оқу жылына мектептің әдістемелік кеңесі мен әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын жоспарлау. Нормативтік құжаттама» атты тақырыпқа семинар өтті. Семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстары жөніндегі 103 орынбасары қатысты.

Семинар қатысушыларына кадрлармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді технологиялары, педагогтердің пәндік әдістемелік бірлестіктері мен ғылыми-әдістемелік кеңесті талдауға және жоспарлауға қойылатын нормативтік талаптар, әдістемелік іс-шараларды ұйымдастырудың және кәсіби шеберлік деңгейін арттыру бойынша педагогтармен жеке жұмысты ұйымдастырудың заманауи форматтары көрсетілді.

Диалог форматында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалау мониторингінің проблемалық мәселелері баяндалды. Сонымен қатар, семинар қатысушылармен ҚР БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі педагогтер, әлеуметтік педагогтер, психологтар және орта білім беру ұйымдарының басшылары жүргізуге міндетті құжаттарды толтырудың бекітілген нысандары мен мерзімдері туралы № 472 бұйрығының талаптары талқыланды.