ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар педагогі «Халық мұғалімі» медалімен марапатталды
22-10-2021 09:57
Павлодар педагогі «Халық мұғалімі» медалімен марапатталды

Павлодар қаласы «Лингва» жеке меншік мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Никулина Екатерина Алексеевна «Бейбітшілік әлемі» - «Планета мира» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің және жеке білім беру мекемелерінің республикалық қауымдастығының шешімімен 2021 жылдың 20 қазанында «Халық мұғалімі» медалімен марапатталды.

Екатерина Алексеевна ұлы дидакт, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай 2020 - 2021 оқу жылының рейтингісінің қорытындысы бойынша өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін халықаралық марапатқа ие болды.

Екатерина Алексеевна 30 жылдан астам бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол 1 - 4 сыныптарға арналған «Математикалық кемпірқосақ» (2019 жыл), «Олимпиадалық математика» (2020 жыл), «Білімқұмарлықтарға арналған математика» (2021 жыл)  элективті курстардын, 1 - 4 сыныптарға арналған «Оқу техникасын арттырудың қазіргі заманғы әдістемелері» атты оқу құралының авторы. Мектеп мұғалімдері оқу құралын  бейімдеп, оқу процесінде пайдаланады. Жыл сайын Екатерина Алексеевнаның оқушылары бастауыш деңгейдегі пәндер бойынша берік білімдерін көрсетеді, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі зияткерлік конкурстарға белсенді қатысады. Өткен оқу жылында оның 1-сынып оқушылары математика және жаратылыстану пәндерінен республикалық олимпиадаларда, Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына орай жүлделі орындарға ие болып, 100% нәтиже көрсетті.

Оқушылары ата-аналарымен бірге «Оқырман мектебі» республикалық жобасының белсенді қатысушылары болып табылады. «Халық мұғалімі» халықаралық медалінің иегері Екатерина Алексеевна жас мамандардың тәлімгері болып табылады. Оның барлық педагогикалық қызметі жеке тұлғаны қалыптастырудағы шексіз жауапкершілік пен шығармашылық ізденістің үлгісі.