ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудағы әдістемелік жұмыстың рөлі
22-10-2021 15:10
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудағы әдістемелік жұмыстың рөлі

2021 жылғы 20 қазанда Павлодар қаласының білім беру бөлімі ZOOM платформасында «Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау технологиялары» атты кезекті қалалық семинарды онлайн форматта өткізді. Мақсаты - кәсіби шеберлікті арттыру, әдістемелік көмек көрсету. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 35 әдіскері қатысты.

Семинардың спикерлері тәжірибелі педагогтар, № 120 балабақша әдіскерлері болды. Балабақша әдіскері Зәмзәгүл Тлеубайқызы Панова «Балабақша жұмысының тәжірибесінде инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық шеберлігі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол педагогтарға мектепке дейінгі баланың жеке басын дамыту үшін оқыту мақсаттарына қол жеткізуге қандай инновациялық педагогикалық технологиялар көмектеседі, мектепте одан әрі табысты оқуға ықпал етеді деген сұрақтарға тоқталды.

Семинардың практикалық бөлімінде балабақша тәрбиешісі Асаинова Жұлдыз Әнуарбекқызы «Этно-эксперимент аясында мектеп жасына дейінгі балалардың іздеу-зерттеу қызметін дамыту» әдістемелік құралын құрастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл әдістемелік құрал балаларды іздеу-зерттеу қызметіне дайындауға ғана емес, қызығушылық дағдыларына үйретеді, құбылыстардың жеке заңдылықтары мен себептерін, қоршаған ортаға танымдық іс-әрекетке қызығушылықты қалыптастырады, балаларды балабақшадан бастап ана тілінде сөйлеуге, өз халқының рухани құндылығын білуге, тілін, дәстүрлерін, мәдениетін, ұрпақтар сабақтастығын құрметтеуге және үйренуге үйретеді.

Семинар қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрғалиева Нұргүл Қайроллақызы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кеңесімен педагогикалық тәжірибені тарату және дайындау бойынша жергілікті қызмет туралы, озық педагогикалық жұмыс тәжірибесін таратудың түрлі формалары мен тәсілдерін қолдану туралы әдістемелік ұсыныстар берді. Семинар материалдары мектепке дейінгі ұйымдарға жұмыста пайдалану үшін жолданды.