ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзін-өзі тану бойынша қаланың үздік мұғалімдері анықталды
25-10-2021 11:11
Өзін-өзі тану бойынша қаланың үздік мұғалімдері анықталды

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылдың 20 - 22 қазан аралығында «Өзін-өзі танудың үздік мұғалімі» республикалық сайысының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша үздік озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану бойынша педагогтер еңбегінің беделін қолдау және арттыру. Байқауға қаланың № 1, 11, 16, 17, 20, 23, 33, 34, 38, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл білім беретін мектептерінен 13 педагог қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар «Педагог портфолиосы» - әдістемелік материалдарды, «Үздік сабақ» - бейнесабақты, «Педагогикалық жағдайды шешу» - кәсібилікке тапсырманы ұсынды.

Қазылар алқасының құрамында Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры Әшімбетова Роза Дүйсенқызы, өзін-өзі тану бойынша тренерлер, облыстың өзін-өзі тану мұғалімдері қауымдастығының төрайымы, қала мектептерінің жетекші мұғалімдері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері болды.

Байқау қорытындысы бойынша 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бас жүлдені - 1 мұғалім, I орын - 1, II орын - 1, III орын - 3 мұғалім иеленді.

Бас жүлдені № 16 лицей-мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Левашова Татьяна Викторовна алды. Мектепте 27 жыл жұмыс істейді, ол «Даналық маржандары», «Өзін-өзі тану сабақтары (1 - 10 сынып)» әдістемелік құралының бірлескен авторы. 2019 жылы облыстық «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» байқауында І орын, 2018 жылы облыстық «Үздік әлеуметтік жоба» байқауында І орын алды. Оның оқушылары оқушылар арасындағы облыстық олимпиадада (2018, 2019 жылдар) екінші дәрежелі дипломдардың иегерлері.

І орынды Б.Момышұлы атындағы ЖОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сәуле Құттыбаева Накупова иеленді. Мектепте 32 жыл жұмыс істейді, ол «1, 4 сыныптарға арналған әдістемелік құралдар» әдістемелік құралының бірлескен авторы, 2018, 2020 жылы «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» облыстық байқауында I орын алды.

II орынды өзін-өзі тану мұғалімі Ганикель Ксения Борисовна (№ 34 ЖОМ), III орынды өзін-өзі тану мұғалімдері Тутенова Әсем Төлегенқызы (Кенжекөл ЖОМ), Қожакеева Гүлназ Әбубәкірқызы (№ 33 ЖОМ), Ермоленко Надежда Александровна (№ 11 ЖОМ) иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар қараша айында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.