ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық вокалистер байқауының жеңімпазы
26-10-2021 09:11
Халықаралық вокалистер байқауының жеңімпазы

Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің оқушысы Оспанова Ясмин «ZHULDYZ.Art» халықаралық вокалистер байқауының жеңімпазы атанды. Байқау Нұрсұлтан қаласында өтті.

Ясмин музыка мектебінің жеке және ансамбльдік ән айту бөлімінде 3-сыныпта оқиды, ерекше дауысы бар. Ол халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше дүркін қатысушысы. 2019 жылы Павлодар қаласында өткен «Лазурные берега» халықаралық фестивалінің І дәрежелі лауреаты атанды. 2020 жылы Алматы қаласында өткен республикалық «IQ STAR» онлайн-байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Ол өте шығармашыл бала. Өзінің қажырлы еңбегімен нәтижеге қол жеткізе алады.

Ол № 24 ЖОМ 4-сыныбында оқиды, оқу үздігі, сынып старостасы, сабырлы бала. Кітап оқығанды, өлең жаттағанды, ең бастысы ән айтқанды ұнатады. Мектептегі вокалдық үйірмеге қатысуға уақыт табады, «Болашақ» триосының құрамында концерттік бағдарламаларда өнер көрсетеді.