ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақша күрестен мерейтойлық турнирдің жеңімпазы
26-10-2021 09:56
Қазақша күрестен мерейтойлық турнирдің жеңімпазы

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ақсу қаласының 60 жылдығына орай қазақша күрестен Ақсу қаласының біріншілігі өтті. Жарысқа 32 - 52 кг салмақта Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалалары,  Баянауыл, Май, Аққу аудандарынан 200-ден астам адам қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубындағы «Жеңіс» клубының тәрбиеленушісі Ирсаев Алижан, Б. Момышұлы атындағы мектептің 6 сынып оқушысы 46 кг салмақта турнир чемпионы атанды.

Алижан «Жеңіс» клубында 2018 жылдан бастап айналысады, 4 жыл бойы самбо, дзюдо, қазақша күрестен чемпион және жүлдегер атануда. Бірінші грамотасын тәрбиеленуші  9 жасында  қазақша күрес бойынша қалалық турнирде алды. Осы уақыт аралығында ол 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иегері. Алтынды, ол 2019 жылы самбодан республикалық турнирде және 2020 жылы самбо бойынша облыстық турнирінде иеленсе, күміс медальді 2019 жылы қазақша күрес бойынша Семейдегі облыстық турнирде және 2021 жылы самбодан қалалық турнирде иеленді. Ол самбодан, дзюдодан көк белбеу иегері. 2019 жылы Ertis телеарнасының «Ертіс таңы» бағдарламасына шақырту алып, қатысты.