ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Суретші-ұстаз, шебер-зергердің көрмесі
26-10-2021 10:06
Суретші-ұстаз, шебер-зергердің көрмесі

Суретші-ұстаз, шебер-зергер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ольга Ивановна Ловинаның «Шаттықты бейнелеу» мерейтойлық көрмесінің ашылуы 2021 жылғы 21 қазанда облыстық көркемсурет мұражайында өтті. Көрмеге шебердің 2021 және ерте жылдардағы 168 жұмысы қойылған: шығыс кескіндемесі, артэмаль, зергерлік бұйымдар, Соловецкий аралдарындағы сәулет практикасы туралы жұмыстар.

Оның мыс, ыстық эмаль, тізбекті тоқу арқылы жасалған «Пирита» фибуласының зергерлік бұйымдары Таллин кезеңіне арналған. «Гайавата» алқасы, «Пирита», «Сад души» фибуласы сияқты әшекейлерде ақық, халцедон, хризопраз сынды қазақстандық асыл тастар қолданылды. «Баянауыл тастары», «Зерен көлі», «Айнакөл» секілді сюжеттік композициялар арнайы қылқалам қолдана отырып минералды бояулармен күріш қағазында «Гохуа» Шығыс кескіндемесі техникасында орындалған.

Ольга Ивановна Красносельск көркемсурет училищесін үздік тәмамдаған. Углич қаласының сағат зауытында, Эстонияда Таллин зауытындағы өндірістік шеберханаларда зергер болып жұмыс істеген. 1991 жылы өзінің Отаны Павлодар қаласына оралып, онда «Наурыз» Алматы филиалында зергер, сондай-ақ Суретшілер одағының көркем-өнеркәсіптік шеберханаларында жұмыс істеді. 1992 жылы Қазақстан Суретшілер одағының қатарына кірді. 1998 жылдан бастап Павлодар қаласының көркемсурет мектебінде жас ұрпаққа өз жұмыс тәжірибесін бере бастады. Ол зергерлік өнер бағдарламасының авторы болып табылады.

Дарынды ұстаз өз ісіне деген махаббаты мен шеберлігін 32 жылдан астам уақыт бойы балаларға сәтті жеткізіп келеді. Оның оқушылары Алиса Пипченко, 12 жаста, София Беген, 16 жаста, Алина Жұмаділова, 12 жаста және басқалары қалалық, облыстық, халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегерлері.

- Балаларды оқыта отырып, өзім де оқуымды жетілдіремін, - дейді Ольга Ивановна. Әлем бір орында тұрмайды, сондықтан мен де жақсарып, дамып келемін, бейнелеу өнерінің, атап айтқанда, зергерлік өнердің жаңа ағымдары мен бағыттарын бойыма сіңіремін.

Мен үшін шығармашылық деген не? Бәлкім, бұл өмір салты ғана емес, сонымен қатар өмірдің өзі, өйткені өнер барлық жағынан да байқалады. Сұлулық бізді барлық жерде және барлық жағдайда қоршап тұрады, ал біз, суретшілер, өз әнімізді өзімізше шырқаймыз.

Көрме 14 қарашаға дейін ашық.