ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші сынып оқушыларының көркемдік шығармашылығы
27-10-2021 11:44
Бірінші сынып оқушыларының көркемдік шығармашылығы

Павлодар қаласы білім беру  бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылдың 22 қазанында «Әліппе атасы» қалалық шығармашылық сурет байқауын өткізді. Мақсаты - «Әліппе» мазмұнын оқуға қызығушылықты оятып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем сөз өнеріне баулу. Қаладағы 27 жалпы білім беретін мектептерінің 1-сыныптың 299 оқушысы қатысты.

Оқушы  жұмыстарында  «Әліппе» суреттерінің мазмұнын көрсететін нұсқаларын көрсетті, сурет  арқылы зерттелетін пәнге деген көзқарастарын жеткізе білді.

Байқау қорытындысы бойынша 180 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 41, II орын - 40, III орын - 99. Олар «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І орынды №  5, 9, 17, 19, 25, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 39, 42, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы  атындағы мектеп  оқушылары иеленді.

ІІ орынды № 5, 6, 14, 17, 18, 25, 27, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 37, 39, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп  оқушылары иеленді.

         ІІІ орынды  № 1, 4, 5, 6, 9, 14, 17, 19, 26, 27, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 37, 42, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді.