ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас құтқарушыларға арналған медицина сабақтары
27-10-2021 12:24
Жас құтқарушыларға арналған  медицина сабақтары

Құтқарушы Күнін мерекелеу аясында «Қазақстанның ТЖМ апаттар медицинасы орталығы» Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Жигер» балалар-жасөспірімдер клубының «Өркен» клубымен бірлесіп жасөспірімдерге арналған «Жас құтқарушы» эстафетасын өткізді.

Іс-шара салтанатты сапқа тұрудан басталды, медицина Орталығының шұғыл әрекет ету бригадасының дәрігері Колесниченко Игорь Вениаминович қатысушыларға ТЖМ, құтқарушылар жұмысы туралы айтып берді. Ол шұғыл әрекет ету бригадасының фельдшері Тимошко Александра Александровнамен бірге балаларға Апаттар медицинасы орталығының жұмысы туралы айтып, төтенше жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша практикалық дәрістер өткізді, алғашқы медициналық көмекті беруді көрсетті.  

Одан кейін тәрбиеленушілер өздері «кіріспе» тапсырмаларды орындады зардап шеккен, құтқарушы, сарапшы рөлдері бойынша медициналық көмек көрсетті. «Пайдалы және пайдасыз», «Өртті сөндір», «Арнайы машиналар» атты эстафеталарға қатысты, онда  әртүрлі жағдайлардағы қолды жарақаттау, иықты жарақаттау, үсу кезіндегі дұрыс тануды жасау бойынша және жарақаттанған адамды дұрыс тасымалдау бойынша тапсырмаларды орындады. Шәкірттер эстафета кезеңдерін абыроймен еңсерді,  жеңіске деген ұмтылыстарымен қоса өздерінің тәртіптіліктерін сақтай отырып барлық тапсырмалардан өтті.

Балл сомасы бойынша жеке әр жарыстар түрінде және жалпы командалық есепте төрешілер жеңімпаздарды анықтады. Барлық жеңімпаздарды салтанатты түрде жарысты ұйымдастырушылар алғыс хаттармен және тәтті тағамдармен марапаттады.

Мұндай іс-шаралар оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетудегі білімді бекітуге мүмкіндік беріп, парызы мен міндеті бізге төтенше жағдайларда көмекке келу болып табылатын адамдарға деген құрметті арттырады. - деді Игорь Вениаминович балалармен кездесуді қорытындылай келе.