ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар қайталама шикізатты пайдаланғаны үшін
27-10-2021 12:57
Павлодарлық оқушылар қайталама шикізатты пайдаланғаны үшін

Рухани Жаңғыру бағдарламасы «Үнем - қоғам қуаты» арнайы жобасын іске асыру аясында 2021 жылғы 18 - 25 қазанда онлайн форматта «Қағазсыз күн» қалалық акциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы. Акцияның мақсаты-оқушыларды қайталама шикізат технологияларына тарту арқылы ғаламшардың жасыл қорын үнемдеуге қалай үлес қосуға болатынын нақты мысалдармен көрсету.

Акция «Екінші өмір - екінші тыныс», «Қағазсыз бір күн» аталымдары бойынша орталықтың 2000-нан астам тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді № 14, 17, 19, 24, 26, 29, 30, 32, 33, 34, 35, 36, Кенжекөл ЖОМ, № 16, 20 мектеп-лицейі.

         Акция қорытындысы бойынша 12 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 2, II орын - 4, III орын - 6.

         «Екінші өмір - екінші тыныс» аталымында № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Адгёзалов Ибрагим екінші материалды (қағаз, мата, пластикалық шөлмек, тігін фурнитурасы, құрылыс материалдары) пайдалана отырып, қолөнерді орындады. «Истребитель» өз жұмысында ескі жиһаздың ағаш материалдарын, пластикалық шөлмек қолданды.

         II орынды № 17 ЖОМ 2 сынып оқушысы Ватаева Софийя, № 24 ЖОМ 1 сынып оқушысы Стеуменов Али, III орынды № 9 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Рудская Эвелина, № 32 НОМ 2 сынып оқушысы Кашитов Бақытжан, № 26 ЖОМ 3 сынып оқушысы Сидоренко Милана иеленді. Қатысушылар түрлі қолөнер бұйымдарын «Саңырауқұлақ үйі», «Қарындаш сауыт», «Күзгі қолшатыр», «Саяжай үйі» жасау үшін әдетте кәдеге жаратуға арналған шикізатты пайдаланды.

         «Қағазсыз бір күн» аталымында - қатысушылар идеялары мен ұсыныстары бар бейнероликтерді, қандай жағдайларда қағазсыз жасауға болатын мысалдарды ұсынды. «Күнделікті өмірге арналған кеңестер» бейнеролигі үшін I орынды М. Әлімбаев атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Казакова София иеленді. Ол өзінің бейнесінде қағаз тасымалдағыштарды электронды тасымалдағыштармен алмастыруды ұсынады.

         II орынды № 16 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Естаев Алан, № 14 ЖОМ 5 сынып оқушысы Кабацкая Анастасия, III орынды Кенжекөл ЖОМ 6 сынып оқушысы Сарбасова Амина, № 18 ЖОМ 3 сынып оқушысы Абзулдинов Тамерлан, экология және туризм орталығының «Родная природа» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Рудницкая Валерия иеленді.

         - Балалардың осындай іс-шараларға қатысуы оларға табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. 1 тонна қағазды үнемдеу немесе қайта өңдеу 17 ағашты сақтауға мүмкіндік береді, осылайша барлығы бірге - біз орманды кесуден сақтауға көмектесеміз, - дейді экология және туризм орталығы бөлімінің меңгерушісі Ахметуали Рашитұлы Қапашев.