ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның тарихи орындары оқушылардың фотосюжеттерінде
27-10-2021 16:59
Қазақстанның тарихи орындары оқушылардың фотосюжеттерінде

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытты қамту орталығы 2021 жылғы 20 қазанда «Қазақстанның 30 кереметі» атты қалалық шығармашылық фотоконкурсын өткізді. Мақсаты - шығармашылық әлеуетті ынталандыру, ел тарихын зерделеуге баулу. Қаланың 14 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 11 сыныптарының 47 оқушысы қатысты.

Қатысушылар өз жұмыстарында еліміздің тарихи және маңызды орындарын, мәдени ескерткіштер, Көлсай, Үлкен Алматы көлі, Шарын шатқалы, Шайтанкөл, Әнші Бархан, Қайыңды көлі, Тамғалы шатқалы, Алтын Емел, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сияқты табиғи көрікті жерлерді көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 17 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде I орын - 3, II - 5, III - 9.

I орынды № 9 ЖОМ 5 сынып оқушысы Арыстанқулова Исмина «Қазақ өлкесінің сұлулығы» фотосюжеті үшін алды. Ең жас қатысушы № 29 ЖОМ 5 сынып оқушысы Абай Айым болды. Өзінің жас шағына қарамастан, ол «Қазақстан ғажайыптары» атты жұмысын өте мазмұнды түрде, дыбыспен сүйемелдейтін анимациялық фильмге көшумен таныстырды. Юсопов Данил, № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы «Қазақстанның 30 кереметі» атты жұмыста тақырыпты тікелей жеткізе алды және тастар алқабы, Үстірт - Маңғышлақ пен батыста Қара-Богаз-Гол шығанағы, Бектау ата шатқалы сияқты Қазақстанның отыздан астам ертегі орындарын таныстырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және қатысушы сертификаттарымен марапатталды.