ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық семинарда тәжірибе алмасу
28-10-2021 09:42
Облыстық семинарда тәжірибе алмасу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп «Шағын мұражайлар: патриоттық тәрбие миссиясы мен ресурсы» атты облыстық семинар өткізді. Семинар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Мақсаты - қазіргі заманғы музейтану саласындағы кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, білім беру мекемелері музейлерінің басшыларын әдістемелік даярлау. Оған 108 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп мұражайларының басшылары, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар бағдарламасы «Жас ұрпақты патриоттық тәрбиеллеудегі мектеп музейлерінің рөлі», «Тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін іс-шараларды өткізудің жаңа формаларының атласы», «Білім беру мекемелеріндегі мектеп музейлерінің ерекшеліктері», «Жас эколог» экология және туризм орталығы мұражай қызметінің мысалында өлкетану жұмысын ұйымдастыру», «Мектеп мұражайының жұмысын жүргізу әдістемелік негіздері және тәжірибелік жолдары».

Семинар жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар бағдарламаның өнімді мазмұнын, өзектілігін, іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге шығармашылық ерекше көзқарасты атап өтті. Педагогикалық ұжымдарда, ата-аналар жиналыстарында одан әрі талқылауды, мектептердегі одан әрі қызметтің жаңа міндеттері мен бағыттарын анықтайтын ұсыныстар қабылданды.