ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық-педагогикалық қызмет
29-10-2021 09:32
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық-педагогикалық қызмет

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылғы 27 қазанда онлайн режимде ZOOM платформасында «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері. Жеңіл ақыл-есі кем балаларда психикалық операцияларды қалыптастыру бойынша жұмыс ерекшеліктері» атты семинар-практикум өткізілді. Инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін 100 директордың орынбасары, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Саменқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері» мәселесі бойынша сөз сөйледі. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жасалған жағдайлар туралы айтып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білімін қайталау, жалпылау және түзетуді ұйымдастыру кезінде сараланған тәсілдің ерекшеліктеріне назар аударды. Хамитова Дана Сұңқарбекқызы, Павлодар педагогикалық университетінің педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD докторы, арнайы жалпы білім беретін мектептердің жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларын оқытуға арналған «Сауаттылыққа оқыту», «Бізді қоршаған әлем» оқулықтарының авторы, оқулықтардың ерекшеліктері және мазмұнымен таныстырды, оқу үдерісінде жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу бойынша ұсыныстар берді. Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының тренері, аға оқытушысы Идилуб Айман Төлегенқызы ақыл-есі кем балаларға арналған оқу жұмыс жоспарларын жасау ерекшеліктеріне тоқталды.

Практикалық бөлімде Ақсу қаласының арнайы мектеп-интернатының, мектептердің педагогикалық ұжымдарының ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесі ұсынылған. № 26 ЖОМ педагог-дефектологы Пшенко Юлия Анатольевна «Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбымен таныстырды, № 30 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Валеулина Алмагүл Мұратқызы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйде оқытудың тәжірибесімен бөлісті. Ол семинарға қатысушыларды үйде оқитын жеңіл ақыл-ойында кемістігі бар 2, 3, 4-сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлерімен, ССК құрастырумен таныстырды, № 30 мектептің педагог-психологы Салтанат Мүслімқызы Серіктің «Вариативті компоненттің сабақтарында қарапайым дағдылар мен біліктерді қалыптастыру». Абишева Әсел Баянбайқызы, № 4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі, «Интеллектуалды жетіспеушілігі бар балалардың ойлау қабілетін дамыту мен түзетудің тиімді тәсілдері», Пьянзина Светлана Витальевна, Ақсу қаласының № 7 мектебінің педагог-дефектологы, «Инклюзивті білім беру ортасында аутистикалық спектрдің аурулары бар балаларды оқыту» тақырыбында баяндама жасады.

Рефлексия сұрақтар мен жауаптар түрінде өтті, оқу жұмыс жоспарларын құру, зияткерлік кемістігі бар балалардың ойлауын дамыту және түзету бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.