ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік-өлкетану жұмысындағы заманауи тәсілдер
29-10-2021 09:47
Туристік-өлкетану жұмысындағы заманауи тәсілдер

     Өңірде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және жандандыру үшін педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ZOOM платформасында онлайн тәртібінде «Туристік-өлкетану қызметінде оқытудың заманауи тәсілдері» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы мен облыстық білім басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. 35-тен астам дене шынықтыру мұғалімдері, мектеп туризмінің нұсқаушылары, туристік-өлкетану қызметімен айналысатын жалпы білім беретін мектептер мен облыстың қосымша білім беру мекемелерінің үйірмелерінің, клубтарының, секцияларының басшылары қатысты.

     Семинар бағдарламасы аясында экология және туризм орталығының «Қасиетті орынға туристік-өлкетану бағытын әзірлеу: Рухани ағартушы Ғабдылуахит Хазрет кесенесі», «Туристік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде балалар жарақатының алдын алу шаралары. Гигиена және денсаулықты сақтау ережелері», «Күрделілігі II санаттағы жорықтарда туристік дағдыларды дамыту ерекшеліктері», «А»-дан «Я»-ға дейін санатында жорыққа дайындық», «Тандем: педагог-ата-аналар», «Тәрбиеленушілерді туристік-өлкетану қызметі арқылы психологиялық бейімдеу», «Туризм арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру».

   Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар, жұмыста одан әрі пайдалану үшін материалдар берілді.