ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жасыл мектеп» жобасы аясында шыршалар отырғызу
01-11-2021 18:26
«Жасыл мектеп» жобасы аясында шыршалар отырғызу

Қоршаған ортаны экологиялық қорғау бойынша «Жасыл мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде мектептердің алдына өскелең ұрпақты табиғатқа ұқыпты және жауапты қарау, табиғи байлықтарды қорғау рухында тәрбиелеу міндетін қойды. Экологиялық тәрбие тиімділігінің негізгі критерийі оқушылардың табиғат қорғау қызметіне кеңінен қатысуы, табиғатқа құрметтемеушілік жағдайларына төзбеушілік болып табылады.

Осылайша, Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебі 2021 жылдың мамыр айында Қазақстандағы Франко-Герман альянсы жариялаған «Қоршаған ортаны қорғау бойынша үздік жергілікті бастама» байқауында 1000 еуро ұтып алды.

2021 жылғы 29 қазанда «PASCH-ке 13 жыл» халықаралық жобасын (Мектептер: болашақ серіктестер) мерекелеу шеңберінде оқушылар, ата-аналар және мектеп мұғалімдері салтанатты түрде 36 шырша отырғызды. Қазақстандағы Франко-Герман альянсының қаражатына 30 шырша және «Макулатура жинап, ағаш отырғыз!» акциясы аясында макулатура жинаудан түскен қаражатқа 6 шырша сатып алынды. Салтанатты шараға Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Түркіменстандағы «Мектептер: болашақтың серіктестері» жобасының ассистенті, Татьяна Калошина, үйлестірушісі, Александра Смитс қатысты.

- Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіретіні белгілі. Шыршалар жыл бойы жасыл болып қалады, сондықтан олардың өмірлік процестері үшін CO2 үнемі қолдана алады. Сондықтан бүгін біз қалада ластаушы заттардың шығарылуын азайту мақсатында «Жасыл мектеп» жобасы аясында 36 шырша отырғыздық, - деп атап өтті 7 сынып оқушысы Мусин Абылай.

PASCH жобасының ұйымдастырушылары «Макулатура жина және ағаш отырғыз!» байқауының қорытындысын шығарды. Ең белсенді қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. I орынды 429 кг жинаған 6 «А» сынып оқушылары иеленді және 30000 теңгемен марапатталды, сынып жетекшісі Колот Розалия Валерьевна, II орынды 4 «Б» сынып оқушылары иеленді (206 кг) және 20000 теңге алды, сынып жетекшісі Кузнецова Марина Николаевна, III орынды 8 «Г» сынып оқушылары (132 кг) иеленді және 10000 теңге алды, сынып жетекшісі Гейделинг Диана Михайловна.

- Макулатура жинау идеясы оқушыларда «EXPO – 2017» - ге арналған «Күн шатыры» жобасы аясында туындады. 2012 жылдан бастап мектептің жас экологтары шағын ауданда тұратын адамдардың қолдауымен 9 тонна 583 кг макулатура жинап, жиналған қаражатқа мектеп бақшасының бір бөлігі көгалдандырылды. «Күн шатыры» жобасы мектептің «Қоршаған ортаны қорғау» мәселесін шешудегі ең үздік жетістіктерінің біріне жатады және табысты ұзақ мерзімді жобаларды ұйымдастыру және жүргізу үшін тамаша үлгі болып табылады», - деп атап өтті мектеп басшысы Ахмадова Зауреш Дауленовна.