ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім олқылықтарының орнын толтыру
03-11-2021 12:07
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім олқылықтарының орнын толтыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқу пәні - фокуста» қалалық жобасы аясында 2021 жылдың 2 қарашасында «Жаңартылған бағдарлама аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту сапасын арттыруда нәтижелерге қол жеткізу бойынша тиімді жұмыс және ойлау дизайны» атты бірыңғай әдістемелік семинар-практикумын өткізді. Мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жекелеген оқушыларды оқыту сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.

Семинар-практикум бағдарламасында физика, химия, биология, география пәндерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 200-ден астам мұғалім құрамынан шыққан қатысушылармен «Оқушы біліміндегі олқылықтарды дер кезінде жою - оның жаңа білім алу жолында одан әрі ілгерілеуін қамтамасыз ету» мәселесін пысықтау бойынша 8 фокус-топ ұйымдастырылды. Топтардың жұмысы оқығысы келмейтін нақты себептерін анықтауға, оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттің себептерін қалыптастыруға, осы пәндер бойынша оқыту сапасын арттыру және өлшеу бойынша жұмыс түрлерін іздеуге бағытталған.

Семинарда № 25, 33, 43, 11, 31, 40, Жетекші мектептерінің мұғалімдері география пәні, № 2,19, 23, Мақпалеев атындағы мектеп мұғалімдері физика пәні, 19, 39, Қ. Бекхожин, Қ. Мақпалеев атындағы мектеп мұғалімдері химия пәні, Б. Момышұлы атындағы, 34, 5, 6 мектеп мұғалімдері биолог пәні бойынша 1 тоқсанда оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша өз жұмыстарымен, нәтижелерімен, буклеттерімен бөлісті.

Семинар-практикумның қорытындысы бойынша олқылықтармен жұмыс істеу жөніндегі міндеттер - жұмысты құру қағидаттары, даралықтың басымдықтары анықталды. «Оқуға үйрету» бағытында іске асырудың принциптері анықталды - жеке тұлғаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, оқушылардың ересектермен бірге жеке даму жолдарын құру, қиындықтарды анықтау және оларды жеңу мектепте пәндік-кеңістіктік ортаны құру. Барлық бағыттар бойынша «Мұғалімге арналған жадынама» әзірленді.