ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс өңірінің киелі орындары бойынша жас өлкетанушылардың практикумы
04-11-2021 10:42
Ертіс өңірінің киелі орындары бойынша жас өлкетанушылардың практикумы

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының оқушылары туристік-өлкетану дамыту бағдарламасы аясында «Ертіс өңірінің ежелгі киелі нысандары» атты көшпелі практикум өткізілді. Мақсаты - патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру, облыстың мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтау.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көшпелі туристік-өлкетану практикумына № 12, 30, 33, 35 мектептердің, дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 5 - 8 сынып оқушылары, экология және туризм орталығының 16 жас өлкетанушылары қатысты.

Практикум бағдарламасы аясында оқушылар Екібастұз қаласының Ақкөл-Жайымында орналасқан ұлы хазірет Исабек-ишанның кесенесіне барды. Оқушылар XΙX ғасырдағы Сарыарқа рухани көсемінің тарихы және өмірбаянымен, оның өмірі және қызметімен танысып, Исабек-ишан қазақ ақыны, ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұстазы болғанын білді.

- Бұл іс-шара тарихи-өлкетану бағытындағы зерттеу қызметін одан әрі дамытуға, оқушылардың шығармашылық жұмысында алған білімдерін пайдалануға ықпал етеді, - дейді орталықтың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Қасенова Әсия Әбілқайырқызы.