ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмысының рөлі
04-11-2021 11:10
Мектептің ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмысының рөлі

2021 жылғы 3 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Жанұя» жобасын іске асыру шеңберінде ата-аналар қоғамдастығымен «қиын» балалар болып тумайды - оларға уақытында көмек көрсетілмеді» тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналардың бірлескен жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылау, алдын алу жұмысының негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Дөңгелек үстел жұмысына 40-тан астам адамдар қатысты. Олар: педагогика еңбек ардагерлері Берікболат Қанашұлы Қанашев, Тоғжан Қайыржанқызы Темірбекова, Павлодар облысы бойынша «ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы» филиалының басшысы, дәрігер Марат Қабышұлы Нұрқымбаев, орталық психологы Жанат Абайқызы Базарбаева, «Жігер» клубының қосымша білім беру педагогтары, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аналар мен әкелер кеңесінің мүшелері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің ата-аналары қатысты.

Диалогтық алаңның барысында қатысушыларға «қиын» балалар болып тумайды - оларға уақытында көмек көрсетілмеді» атты бейнеролигі көрсетілді. Қатысушыларға педагогикалық жағдаяттар ұсынылды, клуб жұмысының тәжірибесімен алмасу болды. Медицина орталығының психологы Ж. А. Базарбаева балалармен проблемалық жағдайларды шешу әдістерімен бөлісті, ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.

«Жігер» клубының қосымша білім беру педагогтары Күлжанова Әсел Қамитқызы, Умарбеков Рулат Қайыргелдіұлы, Никитин Владислав Николаевич балаларды белсенді шығармашылық қызметке тарта отырып, проблемалық жағдайларды шешудегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, балалардың қызығушылықтары бойынша бос уақытын ұйымдастыру клубының жұмысы туралы айтты. Отырыс материалдары мектептерге жұмыста пайдалану үшін жіберілді.