ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2 үздік павлодарлық оқушы Елбасының қола жүлдесін жеңіп алды
05-11-2021 09:39
2 үздік павлодарлық оқушы Елбасының қола жүлдесін жеңіп алды

«Елбасы медалі» - жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған тұңғыш ұлттық бағдарлама. Жобаға тұрғылықты жері мен әлеуметтік жағдайына қарамастан 14 пен 29 жас аралығындағы кез келген қазақстандық қатыса алады. Бағдарлама қатысушылары көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті, коммуникативті дағдыларды дамытады, нақты мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізуді үйренеді.

Павлодар облысында «Елбасы медалі» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 260 қатысушы қола жүлдені сәтті аяқтады. Елбасының үшінші легі қола медаль иегерлерінің қатарында Павлодар қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныптарының 2 оқушысы, № 19 ЖОМ оқушысы Қасымбекова Мадина және № 16 мектеп-лицейінің оқушысы Мидони Екатерина бар. Медаль иегерлері білім беру ұйымдарының «Алтын белгі» иегерлеріне теңестіріледі, бұл  оқу орындарына түсу кезінде көмектеседі.

2021 жылдың 3 қарашасында Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда жобаның аймақтық үйлестірушісі мен қатысушылардың тәлімгерлерінің қатысуымен облыстық білім басқармасының үшінші легі бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.