ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Басқару қызметіндегі музыка мектебінің тәжірибесі
08-11-2021 09:55
Басқару қызметіндегі музыка мектебінің тәжірибесі

Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінде «Балалар музыка мектебін басқарудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында облыстың балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Облыстық үйлестіру кеңесі 2018 жылдан бері жұмыс істейді, кеңес құрамына облыстың музыка және өнер мектептерінің басшылары кіреді.

Кеңес төрағасы Сыздықов Серік Қасымханұлы, "Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешенінің директоры қазіргі кезеңдегі оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарына, облыстың қосымша білім беруді дамыту перспективаларына қатысты мәселелерге тоқталды.

Отырыста оқу-тәрбие үдерісін басқару қызметі мәселелері бойынша Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің педагогикалық ұжымы жұмыс тәжірибесін ұсынды. Мектеп басшысының м.а. Ольга Леонидовна Бобровская «Кейс-әдіс» - қосымша білім беру жүйесіндегі міндеттерді шешуге интерактивті тәсіл ретінде баяндамасымен сөз сөйледі, мектептің құрылымдық бөлімшесінің басшылары Лаура Мұқарамқызы Темірғалиева «Қазіргі жағдайда музыка мектебінде оқытудың әлеуметтік маңыздылығы дәрежесі» мәселесін атап өтті, Ольга Петровна Акулина «Музыка мектебінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялары» мәселесін қозғады. Мектеп басшысының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев «Мектеп басшысы орынбасарының аналитикалық қызметіндегі өзекті басқару құралдары» тақырыбындағы баяндамасында оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу мәселелерін, басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бақытұлы Қайшанов «Тәрбие жұмысы». «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндап, балалардың жазғы жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды. Музыкалық мектептің көрме және жобалық қызметінің тұсаукесері өтті.

Музыка мектебінің педагогтары мен оқушылары отырысқа қатысушыларға концерт ұсынды. Бағдарламада «Васк Bеat» аспаптық ансамблінің орындауында А. Виницкийдің «Самбо» туындылары, Галина Аркадьевна Марковчинаның орындауында А. Бексембированың өңдеуінде қазақтың халық әні «Ақбақай» шырқалды, концертмейстер Костенко Лариса Валерьевна, «Сах music» саксофоншылар ансамблі, жетекшісі Минаева Оксана Олеговна, концертмейстер Семикин Валерий Александрович Бахарахтың «Жаңбыр тамшылары» пьесасын, «Домбырашылар ансамблі» әнін орындады. «Серпін» жетекшісі Абжанова Гаухар Арғынқызы Күлшардың «Кербез керік» күйін, Петрова Полина Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін орындады, концертмейстер Масленников Дмитрий Станиславович, Бобровская Ольга Леонидовна мен оның шәкірті Чистова Алисаның орындауында К.Дүйсекеевтің «Рапсодия», Ю.Висняктың «Карлсон» атты екі фортепианолық ансамблі шырқалды.

Отырыс қорытындысы бойынша балалар музыка мектебінің жұмысы оң деп танылып, кеңес материалдары педагогтердің жұмыста пайдалануы үшін музыка мектептеріне жіберілді.