ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтері
09-11-2021 10:13
Мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» қашықтықтан қалалық бейнероликтер байқауын өткізді. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық, адамгершілігі жоғары, әлеуметтік құзыретті азамат тәрбиелеу. Байқауға қаладағы 12 жалпы білім беретін мектептің 7 - 11 сынып аралығындағы 40 оқушы қатысты.

Байқау шарты бойынша оқушылар «Сыбайлас жемқорлықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында бейнероликтер көрсетті, олар өз көзқарастары бойынша күрделі тақырыпты аша білді. Екі минуттық бейнероликте қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын, параның не екенін және құқық бұзушылық жасағанда қандай зардаптарға әкелетінін ұрандар мен жарқын суреттер арқылы қысқаша және мазмұнды түрде білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қ.Бекхожин атындағы орта мектептің «Жалын» командасы мен № 26 орта мектептің «Патриоттар» командасы иеленсе, II орынды иеленді. № 34 ЖОМ «Парасатты ұрпақ» командасының оқушылары, III орынды № 21 ЖОМ 10-сынып оқушысы Мертенс Таисия, № 11 ЖОМ «Жас Ұлан», «№ 29 ЖОМ «Жасөспірімдер» командасының оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды, үздік жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне жіберіледі.