ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың отбасылық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы шығармашылығы
16-11-2021 09:47
Балалардың отбасылық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар туралы шығармашылығы

Павлодар қаласы білім бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған «Отбасы мұражайы» қалалық қашықтықтан шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты - отан сүйгіштікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, отбасы дәстүрін, отбасы тарихын, туған жерін білу.

Оқушылар екі номинация бойынша өз жұмыстарын ұсынды. «Әдеби шығармашылық» номинациясы бойынша шығарма, әңгіме, эссе жазды. Байқау қорытындысы бойынша І-орын № 29, 26 ЖОМ, ІІ орын № 35 ЖОМ, экология және туризм орталығы, ІІІ-орын № 21, 26, 29, 34, 33 ЖОМ оқушылары иеленді.

№ 29  жалпы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Бихиянов Сұлтан өз эссесінде отбасындағы ата-бабасының үлкенге ізеттілік, құрмет көрсету дәстүрлерін сақтау туралы баяндады.

«Мультимедиа» номинациясы бойынша бейнематериалдардың тұсаукесері өтті. Қорытынды бойынша І орынды - Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі, № 21 орта мектебі,  II орынды - № 21 М. Әуезов атындағы орта мектеп, 34, 35, 26, III орынды - № 29, 35, 18 жалпы орта мектептері иеленді.

Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің 7-сынып оқушысы София Головчук пен 4-сынып оқушысы Надежда Головчук 18 - 19 ғасырларда қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы заттары шам, тоқыма станок, үтік туралы бейнеролик кестені ұсынды. № 21 жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы, Хасмутдинова Санира, шығармалары облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы, атақты қолөнерші болған арғы атасы туралы бейнеролик ұсынды.