ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог-психологтарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін әдістемелік көмек
19-11-2021 09:35
Педагог-психологтарға кәсіби шеберліктерін арттыру үшін әдістемелік көмек

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 17 қарашасында ZOOM платформасында онлайн форматта «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу: жұмыс түрлері» атты семинар өткізді. Мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты ұйымдастыруда кәсіби шеберлікті арттыру, қалалық шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру. Қаланың орыс және қазақ тілдерінде оқытатын 42 жалпы білім беретін мектептің 70-тен астам педагог-психологтары қатысты.

Нұрахметова Шолпан Сәменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, Карпова Ирина Владимировна, № 26 ЖОМ психологы, педагог-зерттеушісі, педагог-психологтардың қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, жас педагог-психологтарға тәлімгерлер ретінде практикалық көмек көрсету, кәсіби өсу және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Семинар аясында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-психологтардың, инклюзивті білім беру бойынша жұмыс тобы үйлестірушілерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. № 15 ЖОМ педагог-психологы Хамитова Алмагүл Аманжолқызы семинар қатысушыларымен кері байланысты пайдалана отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің теориялық аспектілерін ашты. Гессе Светлана Васильевна, № 14 ЖОМ педагог-психологы, «Ақыл-ойы бұзылған балаларда нейро-когнитивті функцияларды дамыту» атты мастер-класс өткізді, ақыл-ойы төмен балаларда практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту және түзету бойынша әдістер мен техника туралы өз әзірлемелерін ұсынды. Семинар қатысушыларына әдістемелік ұсыныстар, практикалық ойындар, жаттығулар, дамытушы тапсырмалар ұсынылды.

Семинар ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыстың практикалық маңыздылығы туралы оң пікірлер алды. Психологтардың жұмыс тәжірибесі қала мектептерінде қолдануға және кеңінен таратуға ұсынылды. Семинар материалдары мектептерге жіберілді.