ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шығыс жекпе-жек мектебі
29-11-2021 09:56
Шығыс жекпе-жек мектебі

Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру мектебінде таеквондо корей жекпе-жегі секциясы 2010 жылдан бастап, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 дан қара белбеу иегері, республикалық және қалалық жарыстардың жүлдегері Жәнібек Әділбекұлы Қанапиннің жетекшілігімен жүргізіледі.

Қараша айында Баянтау спорт кешенінде таеквандодан ашық чемпионатқа Павлодар қаласы, Өскемен, Семей мектептерінің 200-ден астам оқушысы, оның ішінде № 30 ЖОМ 10 оқушы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. I орынды 6-сынып оқушысы Нұркайдаров Дарын, 5-сынып оқушысы Ташибаева Жазира, III орынды 7 сынып оқушысы Ахатов Алишер, 4-сынып оқушысы Гагарин Матвей иеленді.

- Мен бала кезімнен спортқа құмармын, - дейді Дарын, 2021 жылы Павлодар қаласында өткен облыстық турнирдің чемпионы, көк белбеу иегері. - Таеквондо мектебі туралы білгенде, бірден сабаққа жазылдым.  Таеквондо - бұл физикалық күш салу ғана емес, сонымен қатар ерік-жігер жаттығуы. Болашақта алған барлық білім маған міндетті түрде пайдалы болады деп ойлаймын.

Жаттығуда оқушылар керу-созу, күш жаттығуларымен айналысады, тәртіп пен төзімділікті дамытады, корей тілін үйренеді. Кіші топпен сабақтар ойын түрінде өтеді. Дайындық деңгейі және белдікті беру аттестациямен анықталады. Бүгінгі таңда секцияда 1 - 11 сынып оқушыларының 25-і шұғылданады, олардың 2-уі көк белбеу иегерлері. Биыл 1 оқушы алтын, 1 оқушы күміс, 1 оқушы қола медальға ие болды.