ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп басшыларының жиналысы өтті
07-12-2021 09:10
Мектеп басшыларының жиналысы өтті

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 6 желтоқсанда ZOOM платформасында қаланың жалпы білім беретін мектеп директорларының жоспарлы отырысын өткізді.

Кеңесте «Мамандандырылған сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі туралы», «Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы мониторингінің аралық қорытындылары», «Жас мамандармен жұмыс және тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша мектептердің қызметі туралы», «Оқитын мектеп - оқитын ұлт» жобасын іске асыру бойынша мектептердің қызметі туралы» мониторингтердің қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, «Педагогтарды аттестациядан өткізу және жұмысқа қабылдау мәселесі бойынша нормативтік өзгерістер» нормативтік құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат ұсынылды.

Кеңесте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы мамандандырылған сыныптарда дарынды балалармен жұмыс істеу, кадрларды іріктеу, оқыту сапасын ерекше бақылауға алуға назар аударды. Тамақтану сапасы, тамақтану қызметтері бойынша жеткізушілермен жасалатын шарттың мерзімін ұзартуды қайта қарауды жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Тәлімгерлік жұмыс мәселелерінде құжаттаманы жүргізу, әдістемелік көмек көрсету бойынша нормативтік-құқықтық актілерді орындау туралы ұсынымдар берілді. Мектеп кітапханаларының жұмысында жұмысты жоспарлаудың өзектілігі мен олардың орындалу сапасына, «E - KITAPHANA» кітапхана қорын басқару платформасын енгізуді бақылауға алу туралы назар аударылды.