ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының қорытындысы
21-12-2021 10:02
Облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының қорытындысы

«Ақ бота» балалар бейнелеу шығармашылығының ХХ облыстық байқауына Павлодар, Екібастұз қалаларының, Баянауыл, Железин, Ақтоғай, Май аудандарының 22 жалпы білім беретін мектептері мен 11 қосымша білім беру мекемелерінің 183 оқушысы қатысты.

         Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде, 18 жүлделі орын және 20 оқушы ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жұмыстар 3 жас ерекшеліктері бойынша бағаланды.

         Акварель техникасында орындалған «Туған өлке» жұмысы үшін байқаудың бас жүлде иегері болып Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 14 жасар оқушысы Калашникова Элеонора (педагогі Решетова Наталия Владимировна) танылды. Гуашь техникасында орындалған «Менің жерім» жұмысы үшін «Отанға деген махаббат» байқауының арнайы номинациясымен Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 7 жасар оқушысы Одарчук София (педагогі Одарчук Екатерина Александровна) марапатталды.

7 - 9 жас аралығында 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды гуашь техникасында орындаған «Тату тәтті Қазақстан» жұмысы үшін - Капарова Диляра, № 41 ЖОМ оқушысы, Бейбіт Іңкәр, Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, II орынды гуашь техникасында орындаған «Достық» жұмысы үшін - Тимофеева Кристина, № 43 ЖОМ оқушысы, гуашь техникасында орындалған «Халықтар достығы» жұмысы үшін - Губенко Елизавета, Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, III орынды түрлі - түсті қарындаштармен орындаған «Мой край грибной» жұмысы үшін № 18 ЖОМ оқушысы Тишпаев Руслан иеленді.

10 - 13 жас аралығында 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды аралас техникада орындаған «Дружба крепкая» жұмысы үшін Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ оқушысы Игиликова Алуа, II орынды гуашь техникасында орындаған «Родные просторы» жұмысы үшін № 36 ЖОМ оқушысы Митрафанов Матвей, III орынды гуашь техникасында орындаған «Менің Қазақстаным» жұмысы үшін № 26 ЖОМ оқушысы Рамазан Арыстанбек иеленді.

14 - 16 жас аралығында 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде № 11 ЖОМ оқушысы Абилева Аида гуашь техникасында орындаған «Бейбіт аспан астында» жұмысы үшін I орын, № 26 ЖОМ оқушысы Крит Ярослава гуашь техникасында орындаған «Менің Қазақстаным» жұмысы үшін II орынға ие болды.