ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың өлеңдер жинағының тұсаукесері
22-12-2021 09:27
Павлодарлық оқушылардың өлеңдер жинағының тұсаукесері

2021 жылдың қараша айында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар мәдениетін дамыту және жұмыспен қамту орталығымен қаланың 26 жалпы білім беретін мектептердің 1 - 11 сыныптарының 184 оқушысының қатысуымен «Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді» атты өзі шығарған өлеңдердің қашықтан қалалық байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша «Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Жинаққа № 1, 5, 7, 9, 11, 14, 18, 19, 21, 24, 27, 28, 29, 32, 33, 34, 35, 37, 40, 41, 43, Қ. Бекхожин, М. Әлімбаев, Б. Момышұлы, Жетекші, Кенжекөл  мектеп оқушыларының 76 үздік өлеңдері енген, оның ішінде «Менің Қазақстаным сені жырлағым келеді», «Тәуелсіздік - менің болашағым», «Менің Қазақстаным, менің болашағым», «Моя любимая страна!», «Мой Казахстан», «Туған қалам», «Тәуелсіздікке - 30 жыл», «Тәуелсіздік - тірегім», «Мой Казахстан, тебя воспеть хочу я», «Тәуелсіздік жетістіктері», «Елімді жырлаймын», «Қазақстан», «Отаным», «Вперед, Казахстан!», «Құтты болсың, мерейің!» атты өлеңдері.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында № 1 ЖОМ-да Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Төлегенұлы Қыдралин, «Найзатас» журналының бас редакторы, ақын Асыл Әлімжанұлы Әбішевтің қатысуымен жинақтың тұсаукесері өтті.

Жинақтың тұсаукесерін бастау сөзі Б.Момышұлы атындағы мектептің 4-сынып оқушылары, қалалық және облыстық Абай, Мақатаев оқуларының бірнеше дүркін жеңімпазы Асыл Әлімжанұлы мен Бақпай Дінмұхаммедке ұсынылды. № 1 ЖОМ 3 сынып оқушысы Бейсенбі Нұрәлі «Менің Қазақстаным сені жырлағым келеді», № 5 ЖОМ 3 сынып оқушысы Мүбарак Жансая «Қазақстаным менің туған Отаным», № 7 ЖОМ 5 сынып оқушысы Бекболат Асыл «Қазақстаным», № 9 ЖОМ 3 сынып оқушысы Скиба Эвелина «Тәуелсіздік», № 11 ЖОМ 9 сынып оқушысы Трошина Анастасия «Қазақстан», Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Қадыр Арнай «Қазақ елім бар», М. Әлімбаев атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Аяғанова Раулина «Тәуелсіздік - мәңгілік бақыт», № 14 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ғалымқызы Айназ «Жер жәннаты», № 18 ЖОМ 3 сынып оқушысы Қалиасқарова Айша «Тәуелсіздік отызы» атты өз өлеңдерін таныстырды. Тұсаукесер қорытындысы бойынша барлық авторлар жинаққа ие болды.