ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тәуелсіздік ұланы» атты сыйлықтың лауреаттары
22-12-2021 17:31
«Тәуелсіздік ұланы» атты сыйлықтың лауреаттары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің мерейтойлық жылында облыс әкімдігі талантты және дарынды балалар мен педагогтарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын тағайындады. «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2021 жылғы 22 желтоқсанда өтті.

Павлодар қаласында жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышеваның қатысуымен қаланың жалпы білім беретін мектептерінің үздік оқушылары арасынан сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Облыс бойынша барлығы 300 оқушы сыйлық номинациялары бойынша марапатталды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 79 оқушысы лауреат атанды. Дарынды жастарды іріктеу 4 номинация бойынша жүргізілді.

«Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясында 7 павлодарлық оқушы белсенді азаматтық ұстанымы, батылдығы, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсеткені үшін марапатталды.

«Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясында 15 жеңімпаз марапатталды. Олардың барлығы үш жыл бойы облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жоғары нәтижелер көрсетті.

«Спорт шеберлігі» үшін республикалық спорттық-бұқаралық және халықаралық жарыстарда жоғары спорттық жетістіктері мен марапаттары бар 36 оқушы марапатталды. Республикалық, халықаралық мамандандырылған шығармашылық байқауларда жоғары жетістіктері үшін 21 оқушы марапатқа ие болды.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының және төсбелгінің лауреаттары мен иегерлері, № 1 (2), 2, 5, 6, 7, 9 (4), 11 (4), 14, 17 (6), 18, 20, 21 (3), 24 (3), 25 (2), 26 (5), 27, 28, 29 (3), 30, 33 (2), 34 (3), 35 (2), 37 (3), 39 (4), 40 (2), 41(3), 43(2), Қ. Мақпалеев, Қ.Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы (2), М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ, Павлодар қаласы музыка балалар мектебі (3), балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының оқушылары айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде біржолғы сыйақы алды.

Павлодар облысының әкімі Ә. Б. Сқақовтың қатысуымен М. Катаев атындағы оқушылар сарайында лауреаттарды марапаттау рәсіміне Павлодар қаласының № 1, 30, 39 мектептерінен 3 оқушы және білім беру ұйымдарынан 4 педагог қатысты. «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және 2,9 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен № 2 ЖОМ математика пәнінің мұғалімі Жүнісова Сауле Қапанқызы, Кенжекөл ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Қалиасқаров Әлібек Жұмажанұлы, № 11 балабақшаның әдіскері Шилова Наталья Николаевна, Павлодар қаласы балалар техникалық мектебінің мұғалімі Соц Сергей Федорович марапатталды.