ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың өлкетану бойынша шығармашылық жұмыстары
23-12-2021 09:52
Павлодарлық оқушылардың өлкетану бойынша шығармашылық жұмыстары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының ынтымақтастығы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» атты облыстық байқауы қашықтықтан өткізілді. Байқаудың мақсаты - тарихи-өлкетану ісін, туризмді, тарихи-археологиялық қозғалысты, мұражай жұмысын дамыту бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу. Байқауға облыстың 18 жалпы білім беретін мектебінің 5 - 11 сыныптарының 24-тен астам оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 8 мектебі қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын, экскурсиялық-мұражайлық материалдардың, тарихи-өлкетану бағыттарының, киелі орындар бойынша практикумдардың, туған өлке бойынша археологиялық-өлкетану практикумдарының шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша облыстың 19 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 8 оқушысы үздік деп танылды.

«Мұражай бағыттары» номинациясында облыс бойынша 8 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 4 оқушысы.  II орынды № 43 ЖОМ 5 сынып оқушысы Дербенева Мария иеленді. Ол «Жол темір, ал адамдар алтын» бағытын ұсынды. ІІІ орынды № 11 ЖОМ 10 сынып оқушысы Дарина Қаржасбаева, № 29 ЖОМ 9 сынып оқушылары Ерсайын Арнұр, Малдыбай Ақерке, № 34 ЖОМ 10 сынып оқушысы Омарова Яна иеленді

«Өлкетану бағыттары» номинациясы бойынша облыстың 11 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 4 оқушысы марапатталды. I орынды экология және туризм орталығының оқушысы Дүйсенбі Әділ иеленді. Ол Ертіс өңірі бойынша өлкетану практикумдары туралы материал ұсынды. II орынды № 5 ЖОМ 9 сынып оқушысы Динченко Полина иеленді. Ол Павлодардың Васильевтің орындары бойынша өлкетану бағдарын ұсынды. III орынды № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Бекенов Әміржан, № 41 ЖОМ 11 сынып оқушысы Елеусизова Ажар иеленді.