ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жігерліктердің орындауындағы домбыраның сиқырлы үні
23-12-2021 12:11
Жігерліктердің орындауындағы домбыраның сиқырлы үні

2021 жылдың 18 желтоқсанында «Шаңырақ» мәдени-сауықтыру орталығында XI халықаралық «Жаңа жылдық түн» фестивалі өтті. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Домбыра дастаны» үйірмесінің 4 тәрбиеленушісі қатысты, аспаптық жанр бойынша облыстың 7 - 18 жас аралығындағы 80-ге жуық қатысушысы болды. Фестивальдің қорытындысы бойынша жігерліктер 4 жүлделі орынға ие болды. Олар «Dionis» эстрадалық-вокалдық студияның бас жүлде, I, II дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Бас жүлдені № 37 ЖОМ 9 сынып қатысушысы Махамбет Рамазан жеңіп алды. Ол фестивальде С. Құрманғазының сөзі мен музыкасына жазылған «Сарыарқа» күйін домбырамен орындады. 2018 жылдан бастап «Салем» клубында «Домбыра дастаны» үйірмесіне қатысады. 2020 жылы Кенжекөл ауылында «Күй тартыс – 2020» қалалық байқауында I орын алды, М. Катаев атындағы оқушылар сарайында «Күй тартыс-2020» облыстық байқауының бас жүлде иегері болды.

I орынды № 7 ЖОМ 7 сынып оқушысы Альфараби Айзат А. Желдібаевтың сөзі мен музыкасына жазылған «Ерке сылқым» күйін домбырада орындағаны үшін алды, 2020 жылдан бастап «Салем» клубындағы «Домбыра дастаны» үйірмесіне қатысады. № 25 ЖОМ 7 сынып оқушысы Шакарман Зере Дәулеткерейдің сөзі мен музыкасына жазылған «Қосалқа» күйін домбырада орындағаны үшін иеленді. Ол 2021 жылдан бастап  «Дос» клубындағы «Домбыра Дастаны» үйірмесіне қатысады.

II орынды № 37 ЖОМ 2 сынып оқушысы Қайыр Айзере домбырада халық музыкасына «Келіншек» күйін орындағаны үшін иеленді. 2021 жылдан бастап «Дос» клубындағы «Домбыра Дастаны» үйірмесіне қатысады. «Жігер» қосымша білім беру клубының тәрбиеленушілерін дайындаған Әкімбаев Елдос Аннажарұлы «Dionis» эстрадалық-вокалдық студиясының алғыс хатымен марапатталды.