ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілер Новосибирскте 10 жүлделі орынға ие болды
24-12-2021 17:26
Жас суретшілер Новосибирскте 10 жүлделі орынға ие болды

Желтоқсан айының басында Новосибирск қаласында өткен «Таланттар палитрасы» балалар суретінің халықаралық байқауына 6 - 15 жас аралығындағы Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубынан 10 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша барлық 10 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.

«Ақ-қара» номинациясында гуашь техникасында орындалған «Панда» жұмысы үшін Арина Елюсизова, 8 жас, «Буренка» жұмысы үшін Айша Қабылбекова, 7 жас, I дәрежелі дипломдармен марапатталды (ұстазы Инна Владиславовна Масленникова), графика техникасында орындалған «Жылы кеш» жұмысы үшін ІІ дәрежелі дипломмен Адина Жұмағалиева, 13 жас, марапатталды (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн).

«Ескі-ескі ертегі» номинациясында акварельмен орындалған «Биші қайыңдар туралы аңыз» жұмысы үшін Антонина Демченко, 13 жас, I дәрежелі дипломмен марапатталды (ұстазы Шамиль Ракымбекович Шушаев), ІІ дәрежелі дипломдармен, маркермен орындалған «Үш апалы-сіңлілі» қазақ ертегісі бойынша орындаған жұмысы үшін, Александра Огий, 13 жас (ұстазы Наталия Владимировна Решетова), графика техникасында орындалған «Жылан - әйел» жұмысы үшін Камила Кадишева, «Бай және қойшы» - Дарья Богданова, 13 жас, марапатталды (ұстазы Екатерина Александровна Дарчук). Аралас техникада жұмыс істегені үшін III дәрежелі дипломмен Дильназ Шумакова, 13 жас, марапатталды (ұстазы Ахметжанова Татьяна Васильевна).

«Алыстағы шоқжұлдыздар» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдармен, гуашь техникасындағы «Әлем мұхиты» жұмысы үшін Карина Тулегенова, 15 жас, (ұстазы Анжелика Николаевна Бамбуляк), гратография техникасындағы «Басқа планетада» жұмысы үшін Егор Дяченко, 10 жас, марапатталды (ұстазы Валентина Петровна Степанко).

- Байқаудың барлық дипломанттары республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Осылайша, 2020 жылы Дильназ Шумакова «Ақ бота» облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының гран-при иегері атанды, - дейді мектептің оқу ісінен меңгерушісі Инна Владиславовна.