ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі жастағы музыкалық ырғақты дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі
27-12-2021 12:12
Мектепке дейінгі жастағы музыкалық ырғақты дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 23 сәбилер бақшасының жұмыс тәжірибесінен «Шулы оркестрде ойнау арқылы диссеминация» атты қалалық семинарын өткізді. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 36 музыка жетекшілері мен әдіскерлері қатысты. Семинар онлайн форматта ZООМ платформасында өтті, ол 3 блоктан тұрды.

Теориялық блокта № 23 сәбилер бақшасының музыкалық жетекшісі Евменова Людмила Ивановна мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақ сезімін дамыту бойынша Карл Орфтың қарапайым музыка жасаудың иновациялық әдісі бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды - музыканы қозғалыс арқылы қабылдау, дыбыстық ымдауды қолдану (шапалақтау, тыпырлату, шерту).

Ол музыка жасаудың жаттығулар кешенін және «дыбыстық ымдау» әдістемесінің практикалық қолдану бейнероликтерін көрсетті. Балабақшаның балаларымен шулы оркестрінде шулы аспаптардың (сылдырмақтар, дабылдар, ағаш қасықтар, қоңыраулар, тастар, ритмикалық таяқшалар) көмегімен өз өнерлерін көрсетті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға мектеп жасына дейінгі балалардың ырғақ сезімін дамыту бойынша жаттығулар мен әдістемелер кешені ұсынылды.