ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Волгоградтағы байқаудың қорытынды көрмесіндегі жас суретшілердің жұмыстары
28-12-2021 12:57
Волгоградтағы байқаудың қорытынды көрмесіндегі жас суретшілердің жұмыстары

Балалар бейнелеу өнерінің «Жылы қала»  атты халықаралық байқауына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Волгоград көркемсурет мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің 500-ден астам суреттері мен сәндік - қолданбалы өнер заттары ұсынылды, оның ішінде Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 26 оқушысының жұмыстары бар. Байқау 2021 жылғы 3 желтоқсанында Ресейдің Волгоград қаласында өтті.

      Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық қатысушылар 6 жүлделі орынға ие болды. Барлық жұмыстар қорытынды көрмеде орын алды.

      Түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Бурабай. Қазақстан қорығы» суреті үшін Карина Тулегенова, 15 жаста, байқаудың жеңімпазы атанды (ұстазы Анжелика Николаевна Бамбуляк). Карина мектепте 5-ші жыл білім алуда. Осы кезең ішінде ол өз жұмыстарын түрлі деңгейдегі байқаулар мен көрмелерде ұсынды. Карина 2021 жылдың қазан айында Новосибирскте өткен «Таланттар палитрасы» халықаралық балалар суреттері байқауының жеңімпазы атанды. Оның акварельмен орындаған «Ертістегі күз», аралас техникадағы «Табиғат бейнесі», гуашьпен «Алтын күз» және акварельдегі «Ескі және жаңа қала» атты 4 жұмысы желтоқсан айында Алматыдағы «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия», Ресейдегі «Ресей - жомарт жан» халықаралық байқауларына жіберілді

     - Мен сурет салғанды және жаңа техниканы үйренгенді ұнатамын. Мысалы, мен қазір мұғалімім Анжелика Николаевнамен бірге майлы суреттер салудамын. Көркемсурет мектебінде оқып жүрген кезімде мен акварель, гуашь, графикалық материалдармен сурет салу дағдыларын игердім. Ал бірінші оқу жылында мен «Балалар әлемді бейнелейді. Ислам елдері» халықаралық байқаудың жеңімпазы ретінде Мароккода болып қайттым», - дейді Карина.

        Бацйқауда ретінде аралас техникада орындалған «Уақытқа саяхат» жұмысы үшін, Дарья Хмель, 14 жаста, түрлі-түсті қарындаштармен орындалған «Жібек жолы» жұмысы үшін Маргарита Чичмаренко, 14 жаста, гуашьпен орындалған «Күзгі экскурсия» жұмысы үшін Юлия Терещенко, 13 жаста (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн), аралас техникада орындалған «Менің қалам Павлодар» жұмысы үшін Сергей Кучерявский (ұстазы Шамиль Ракымбекович Шушаев), гуашьпен орындалған «Тауға сапар» жұмысы үшін София Улевская, 6 жаста, дипломант атанды (ұстазы Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина).