ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық байқаудағы ұстаздардың жетістіктері
31-12-2021 12:17
Облыстық байқаудағы ұстаздардың жетістіктері

«Менің Қазақстаным» облыстық бейнелеу өнері байқауына 150-ден астам бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің ұстаздары, оның ішінде Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің 22 мұғалімі қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы Павлодар облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы болып табылады.

       Байқау нәтижесі бойынша 6 ұстаз жүлделі орынға ие болса, 3 ұстаз дипломант атанды. Олар I, II, III дәрежелі дипломдармен және номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

I орын Наталья Владимировна Решетованың «Бақытты сәт» триптихіне, Шамиль Ракымбекович Шушаевтың «Ұлттық тағам», «Кесе, көп кесе», «Натюрморт» жұмыстарына, Евгения Владимировна Рыжкованың «Индустриалды Павлодар» жұмыстар сериясына берілді.

II орынды «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша жұмыстар сериясы үшін Анна Валерьевна Аткина, «Туған өлке» пейзаждар сериясы үшін Ардақ Бостауовна Калиякбарова иеленді. Қараша айында Анна Валерьевна Аткина мен Шамиль Ракымбекович Шушаевтың «Екі көзқарас» атты шығармашылық жұмыстарының жеке көрмесі «Айна» галереясында өтті.

Раиса Петровна Степанко «Туған сарын» сериясы үшін III орынға ие болды. Мектебіміздің ұстаздары әдістемелік және зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қараша айында «Қосымша білім беру және тәрбиелеу» журналында Раиса Петровна Степанконың «Композиция сабақтарында дәстүрлі жұмыс түрлерін қолдану» мақаласы жарияланды, ал қыркүйекте «Қазақстанның Педагогикалық әлемі» ғылыми-әдістемелік журналында Шамиль Ракымбекович Шушаевтың «Жұқа киізден бұйымдар жасау әдістемесі» атты материалы орналастырылды.

«Көрермендер көзайымы» номинациясында Олжас Жұмабайұлы Жамиш, «Алғашқы қадам» номинациясында Бауыржан Муратович Рахметов, «Бейнелеу өнерінің жанашыры» номинациясында Батыр Маратович Даутов дипломант атанды.