Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық мектептің жас педагогының жетістіктері
05-01-2022 10:26
Қалалық мектептің жас педагогының жетістіктері

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалімен облыстың қоғамдық өмірінде өзін көрсете білген шығармашыл жастар марапатталды. Айта кетейік, «Халық алғысы» («Народная благодарность») медалі - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 маусымдағы Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы.

«Халық алғысы» медалімен Павлодар қаласы М. Әлімбаев атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразбек Бахатхан марапатталды, медальді жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р. К. Тілеулесов табыс етті.

Оразбек «Жебе» қоғамдық жастар бірлестігінің мүшесі болып табылады. Пандемия басталып, карантин күшейген кезде ол қала тұрғындарына «Жас Отан» өңірлік жастар қанатының мүшелерімен бірге азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге көмек көрсетуге белсенді қатысты.

- Менің өмірдегі алғашқы медальім. Осыдан кейін медальдар болады ма, жоқ па, бірақ мен үшін қандай марапат алсам да, бұл медаль ең құнды болып қала береді. Аты айтып тұрғандай, бұл бір адамның емес, бүкіл халықтың алғысы, - деді Оразбек өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық патриоттық әндер байқауының финалдық турында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында гран-при дипломымен және 50000 теңге сертификатпен марапатталды.