ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері педагогтерінің спорттық жетістіктері
25-01-2022 12:22
Қала мектептері педагогтерінің спорттық жетістіктері

2021 жылы 51-ші қалалық спартакиада аясында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары спорттың 5 түрі - шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, пневматикалық винтовкадан ату, асық ату бойынша қатысты. Мақсаты - дене шынықтыру, спортпен айналысатын мұғалімдерді қолдау. Спартакиаданың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі болып табылады.

Спорттың үш түрі - шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол бойынша жарыстардың қорытындылары туралы материалда 2021 жылғы 2 қазан мен 6 қараша аралығында 240-тан астам педагог қатысқандығын атап өтті, оның ішінде шахмат бойынша жарыстарға Павлодар қаласы мектептерінің 19 ерлер, 14 әйелдер командалары, тоғызқұмалақтан - 20 ерлер, 20 әйелдер командалары, баскетболдан, 32 ерлер, 18 әйелдер командалары қатысты.

Пневматикалық винтовкадан, асық атудан кейінгі жарыстар 2021 жылдың қараша - желтоқсан айларында тирде, жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында өтті.

Баскетбол бойынша жарысқа Павлодар қаласы мектептерінің 29 ерлер, 13 әйелдер командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында I орынды № 24 ЖОМ командасы, II орынды № 41 ЖОМ командасы, III орынды № 18 ЖОМ командасы иеленді. Әйелдер арасында I орынды № 34 ЖОМ, II орынды № 26 ЖОМ, III орынды № 21 ЖОМ иеленді.

Пневматикалық винтовкадан ату жарысына Павлодар қаласы мектептерінің 23 командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды № 43 ЖОМ командасы, II орынды № 41 ЖОМ командасы, III орынды М. Әуезов атындағы ЖОМ командасы иеленді.

Асық ату бойынша жарысқа Павлодар қаласы мектептерінің 27 командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды № 35 ЖОМ командасы, II орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, III орынды № 40 ЖОМ командасы иеленді.

Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен білім беру бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес педагогтердің жарыстары 2022 жылы шаңғы жарысы, үстел теннисі, жүзу, волейбол, Президенттік миля бойынша жалғасатын болады.